Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Қарағанды филиалы директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды филиалы директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі: жоғары - "су ресурстары және су пайдалану", "мелиорация", "жерді рекультивациялау және қорғау", "гидрология", "гидрометеорология", "құрылыс", "Гидротехникалық құрылыс және құрылыс", "гидромелиорация", "гидрогеология және инженерлік геология"мамандықтары бойынша, "ауыл шаруашылығы құрылысы", "өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс", "Сумен жабдықтау және кәріз", құқық (құқықтану), құқықтану немесе заңгерлік, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит).         

 


Кәсіби құзыреттілік:

1) мынадай құзыреттердің болуы: Бастамашылық, коммуникативтілік, Талдамалық, ұйымшылдық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.                   

2) Қазақстан Республикасының су заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

3) "Қазақстан 2050" Стратегиясын білу: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.

Практикалық тәжірибе: үміткер лауазымның тиісті қызмет бейініндегі басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 


Функционалдық міндеттері:

Заңнамаға сәйкес кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды; 
Кәсіпорынның негізгі қызметін ұйымдастыру, кадрлық және қаржылық мәселелерді шешу, кәсіпорынның су шаруашылығы құрылыстарын тиісінше пайдалануды қамтамасыз ету, кәсіпорынның жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылау;
Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес айқындалатын кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін дамытудың негізгі бағыттары туралы ұсыныстарды дайындау және мемлекеттік басқару органына енгізу;
Кәсіпорын объектілерін салуға және реконструкциялауға, оны басқаруды жетілдіруге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

Конкурс Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2024 жылғы 23 мамырдағы № Ө-245 бұйрығымен бекітілген "Қазсушар" ШЖҚ РМК персоналын іріктеу және жалдау туралы қағидалар негізінде өткізіледі.

Құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек кітапшасының көшірмесі;
 Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
 Білімі туралы қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т. б.);

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8/2 мекенжайы бойынша "Қазсушар" ШЖҚ РМК веб-сайтында жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ұсынылуы тиіс.   
       Анықтама телефоны: 8 (7172) 72 52 70 (ішкі. 135, 117)  
       Жауапты: 8 775 686 84 22        
       Электрондық пошта: kazvodhoz_ok@mail.ru

 

22.07.2025 г.